• Ақпарат
  • 02 Мамыр, 2024

Еріктілердің еңбегі ерен

Бүгінде еріктілер қозғалысы  шамамен 9 903 тонна гуманитарлық көмек жинады, оның 6 326 тоннасы «қызыл» аймақтарға жеткізілді және зардап шеккендерге таратылды.


Нақты айтсақ,  еріктілер тұрғындарды эвакуациялауға атсалысып, құтқарылған адамдарға алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсетеді, гуманитарлық көмекті жинап сұрыптайды, жан-жаққа жөнелтіп, арық қазып, бөгеттерді күшейтеді. Қажет болған жағдайда құтқару және әскери құрылым қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырады.
Ақтөбе облысында азаматтарды эвакуациялауға және гуманитарлық көмек пункттеріндегі жұмысқа 8 600-ден астам ерікті жұмылдырылды. Екі гуманитарлық көмек пунктінде 860 тонна гуманитарлық көмек жиналды.
Еріктілер күш-жігерінің арқасында 10 мың құтқарушы мен эвакуацияланған тұрғынға ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларда 8 мыңнан астам ерікті жұмыс істеді, гуманитарлық көмек жинау пункттерінде 780 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. 4 мыңнан астам ерікті қаланың әртүрлі ауданында қаптарға құм толтырып, бөгеттер салып, судан қорғану іс-шараларымен айналысып жатыр.
Қостанай облысында 10 мың-нан астам ерікті  жұмылдырылып, 550 тоннадан астам азық-түлік, 720 тонна азық-түлікке жатпайтын қажетті тауарлар жиналды.
Атырау облысында су тас­қынына қарсы іс-шараларға 13 мыңнан астам ерікті тартылды, гуманитарлық көмек жинау пункт­терінде 1 890 тонна тауар мен зат жиналды.
Атырау қаласында бөгеттерді күшейту үшін 107 пункт орнатылды, әлі де бөгеттер салынып жатыр. Нысандарды қорғауға ерекше көңіл бөлінген.
Солтүстік Қазақстан облысында 530 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды, Түркістан облысында 18 еріктілер штабы құрылды, зардап шеккен өңірлерге 950 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. 
Астана қаласының 30 еріктілер ұйымы 1 120 тонна азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын қажетті тауарларды жинап берді.

Б.БАЛАУБАЕВА

931 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8753

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7057

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4800

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4186

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4148

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4109

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы