• Қоғам
  • 09 Қыркүйек, 2020

Нақты нәтиже күтеміз

Мейрам Бегентаев, Торайғыров университетінің ректоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында білім саласының бірқатар мәселелерін атап өтіп, оны шешудің жолдарын ұсынды. Сапалы білім беру, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғалымдарды тағлымдамадан өткізу, «Жас ғалым» жобасына грант бөлу, Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу және т.б. күн тәртібіндегі мәселенің қайсысын алсақ та еліміздегі білім беру саласының көкжиегін кеңейтіп, білім сапасын арттыруды көздейді.
Әлемде және елімізде болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы бұрын беделді болып саналатын және жоғары біліктілік пен бірнеше жыл оқуды қажет ететін көптеген мамандықтарды тарихтың терең қойнауына жіберді. Мысалы, журналистерге қолжазбаларын баспа бюросына берудің қажеті жоқ, олар қазір еш жерде жоқ. Басқа қалаға қоңырау шалу үшін телеграфқа барудың қажеті жоқ, бәрінің ұялы телефоны бар. Тек үнемі өз білімін, дағдысын жаңартып отырса, бұл адамда және оның отбасында молшылық пен болашаққа деген сенімділік болады деп нық сеніммен айтуға болады. Үнемі оқу керек. Мәселен, пандемия кезінде біраз кемшілік анықталды. Мемлекеттік қызметшілердің елімізде болып жатқан өзгерістерге уақытылы реакциясының ­болмауы айқын көрінді. Сондықтан біз мемлекеттік қызметті реформалау нәтижесінде жобалық тәсіл қағидаттары белсенді түрде енгізіледі деп күтеміз, бұл бюрократизмді барынша азайтуға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудан нақты нәтижелер алуға және әрбір шенеуніктің өзінің еңбегі үшін жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Білім министрлігі жоғары оқу ­орындарына академиялық еркіндік беретін және оқу бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтауға мүмкіндік беретін бірқатар реформаларды іске асырады. Бұл бізге еңбек нарығының сұраныстарына жедел ден қоюға және мамандардың білім деңгейіне деген қажеттіліктің артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. ­Мысалы, біз IT-мамандарды даярлау бағдарламасын түбегейлі қайта қарадық, сондықтан олар оқудың алғашқы күнінен бастап кәсіби дағдыларды игереді, ал диплом алған кезде оларда стартапты немесе жеке бизнесті жүзеге асыру тәжірибесі болады. Бірақ, ең бастысы, білім беру саласындағы реформалар өз елін басқаруға белсенді қатысатын және Қазақстанның мүдделерін әлемдік аренада лайықты қорғайтын қазақстандықтардың, белсенді және ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың, патриоттардың жаңа буынының пайда болуына әкелуі тиіс.
Біздің ЖОО облыс әкімдігімен бірлесіп, ғылыми қоғамдастық пен жергілікті атқарушы билік арасында берік байланыстарды қалыптастыруға негізделген «Мықты ЖОО – мықты өңір» атты жоба бойынша жұмыс істеуде. Бұл павлодарлықтардың өзекті мәселелерін жедел шешуге және салық төлеушілердің қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Президент әрбір бөлінген теңге тиімді, нәтижелі болуы тиіс деп мәлімдеді. Біздің барлығымыз: ғалымдар мен студенттер, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық белсенділер – бүкіл қазақстандық қоғам уақыт талаптарына сай болуымыз және Мемлекет басшысы Жолдауының барлық тармақтарын табысты іске асыру үшін көп еңбектеніп, өз дағдыларымыз бен білімдерімізді үнемі жаңартып отыруымыз қажет.

751 рет

көрсетілді

44

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8752

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7056

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4800

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4186

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4148

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4109

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы